Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 20.11.2025 14:08 Обновлять, 20.11.2025 15:36

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы табылды

Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы табылды
Polisia.kz

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруы табылды.

"Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды", - деп жазды ведомство. 

Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды.

Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматының Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен алынған. Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.