Прямой эфир
Астана
25.77°C
Жетісай ауданындағы өрттен аман қалған үш адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, кеше Түркістан облысындағы өрттен кейін ауыр халде үш науқас ауруханаға жатқызылған.
Олардың ішінде 18 жастағы қыз, бір әйел және бір ер адам бар. Науқастар қазіргі таңда реанимациялық бөлімде, жан сақтау бөлімінде медициналық көмекті алып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі Түркістан және Шымкент қалаларынан санавиация арқылы бес қосымша дәрігер жіберді.
«Токсикологтар, балалар және ересектер реаниматологтары науқастарға қажетті көмек көрсетіп жатыр», – деді Сұлтанғазиев.
Қажетті дәрі-дәрмектер мен құралдар толық қамтамасыз етілген. Вице-министр науқастардың жағдайы тұрақтанғаннан кейін оларды Шымкентке немесе Астанаға ауыстыру мәселесі қарастырылатынын айтты. Оқиғада зардап шеккендердің денелерінде 11-12%-дан бастап 30%-ға дейін әртүрлі зақымданулар тіркелген.