Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 17.11.2025 12:34 Обновлять, 17.11.2025 13:44

Қазгидромет: Желтоқсанда "ерекше" ауа райы күтіледі

Қазақстандағы желтоқсан айында күн райында болатын ерекшеліктер туралы "Қазгидромет" РМК гидрометорталығының директор Марина Шмидт түсіндіріп берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазгидромет: Желтоқсанда "ерекше" ауа райы күтіледі
фото: baq.kz

Қазақстан үшін "ара-тұра ауысып тұратын" күрт континенталды климат жай ғана сөз емес, нақты сипаттама. Өйткені еліміз құрлықтың дәл ортасында орналасқан әрі батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан аумағы үлкен. Сондықтан бізге дерлік барлық синоптиктік үдерістер әсер етеді. Қазір, әсіресе сәуір айындағыдай, жылы ауа ағыны белсенді түрде оңтүстіктен келе бастайды. Бірақ сонымен қатар арктикалық суық та жиі басып кіреді. Соның салдарынан жарты тәуліктің ішінде ауа температурасы 10–20 градусқа өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл суық ауа ағымы тіпті еліміздің оңтүстігіне дейін жететін кездері болады, - деп түсіндірді Марина Шмидт.

Айтуынша, жалпы алғанда, желтоқсан айы жылы, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтіледі.

Жақында ғана, қарашаның басында, Астанада күндіз +5 градус болып тұрса, түнге таман температура -12 градусқа дейін төмендеді. Болжам бойынша, осындай "ауа райы тербелісі" бүкіл қыс бойы қайталанып отырады, - деді "Қазгидромет" өкілі.