Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 17.11.2025 12:09 Обновлять, 17.11.2025 12:48

Қазақстан азаматы арнайы ұшақпен Вьетнамнан шұғыл елге жеткізілді

Вьетнамда жүрген Қазақстан азаматын арнайы ұшақпен елге жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматы арнайы ұшақпен Вьетнамнан шұғыл елге жеткізілді
фото: видеодан скриншот

52 жастағы ер адам отадан кейін Вьетнамға барған. Сол жақта инсульт ұстап, миына қан құйылып кеткен.

"2025 жылдың 14 қарашасында Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған пациент отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда шұғыл түрде тасымалданды. Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды", - делінген министрлік хабарламасында. 

Бригаданың құрамында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерұлан Құндақбаев болған. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылды.