Прямой эфир
Астана
25.77°C
39 жастағы қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова тұңғыш сәбиін өмірге әкеліп, ана атанды, деп хабарлайды paryz.kz.
Аружан мен жұбайы Instagram парақшаларында әсерлік видео жариялады. Кадр актрисаның жүкті кезінде түсірілген көрінеді.
"Сен қашан туар екенсің деп көп күттік. Ал сен нағыз әкесінің қызы сияқты оның сүйікті күнін таңдапсың – 11.11.25. Міне, сол күні кішкентай Сарамыз дүниеге келді, біз әлемдегі ең бақытты ата-анамыз", - деп жазды Аружан мен оның күйеуі, "Zamandas" подкасының жүргізушісі Ержан Алдабергенов.
Динара Бақтыбаева, Айсәуле Бақытбек, Гүлнар Силбаева, Дина Тасболатова, Ләйлә Сұлтанқызы, Альмира Тұрсын, Сәкен Қағаров және басқа да қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары ерлі-зайыптыны сәби сүйген жұпты құттықтады. Оларға Аружанның шығармашылығын жақсы көретін жанкүйері де қосылды.