Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 12.11.2025 18:11 Обновлять, 15.11.2025 03:10

20 градус аяз: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Ел аумағында алдағы күндері қатты жауын-шашын және 20 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

20 градус аяз: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Pixabay

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Атлант циклонының ойпатымен және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады.

Осыған байланысты ел аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және шығыс, солтүстік, орталық аймақтарда бұрқасын күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұдан бөлек, кей өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

Солтүстікте түнде -5…-12°С, күндіз -0…-6°С;

Солтүстік-батыста түнде -2…-10°С, күндіз -0…-5°С;

Орталықта түнде -3…-13°С, күндіз -6…+3°С;

Шығыста түнде -8…-20°С, күндіз -0…-10°С;

Елдің қалған аумақтарында температурада айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.