Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкентте 10 млн теңге талап еткен блогер ұсталды

Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 10 млн теңге талап еткен блогер ұсталды
фото: baq.kz

Лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналист жедел іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген", - дейді полицейлер.

Қазіргі қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Блогер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.