Қазгидромет РМК ел аумағында 3 қарашада болатын метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын болады. Тек Республика бойынша батыс пен оңтүстік-шығыста антициклонның бөлік әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Еліміздің аймақтарында жел күшейіп, тұман түседі деп болжанды. Ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Алматы облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қауіпі деп күтіліп отыр.
Қызылордада, Түркістанның шөлді аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, Алматының солтүстігінде өрт қауіпінің аса жоғары деңгейі күтіледі.