Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды paryz.kz.
 
                        Ведомство мәліметінше, кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде "хайп", лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын әрекеттер көбейіп кеткен.
"Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, өздерін "шоу" етіп түсіріп жүр. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған. Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша бір адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, ар-ұятқа жат қылық", - деді ІІМ өкілі.
Полиция қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейтінін мәлімдеді.
 
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                    