Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбедегі жантүршігерлік жол апаты: ауыр жарақат алған бір адам Астанаға жеткізілді

Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатында ауыр жарақат алған бір адам санитариялық авиация бортымен елордаға жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбедегі жантүршігерлік жол апаты: ауыр жарақат алған бір адам Астанаға жеткізілді
Фото: ТЖМ

Ведомство мәліметінше, Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитариялық рейс жасады. Олар Самара – Шымкент тас жолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы адамды елордаға жеткізді.

"Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды. Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді", - делінген хабарламада.

ТЖМ экипажы мен медициналық бригада көмегімен науқас қауіпсіз және жылдам жеткізілді. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады.