Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов көмірдің қазіргі бағасын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазіргі кезде республика бойынша көмір қоры 5,6 млн тоннаны құрап отыр. Вице-министрдің айтуынша, көмір жағынан да, мазут жағынан да тапшылық жоқ.
"Ал көмірдің бағасы әрбір аймақта әртүрлі. Негізі, 13-16 мың теңгені құрайды. Кейбір өңірде 20 мың теңге деп естіп жатырмыз. Бірақ өте сирек, көбінесе, тоннасына 13-16 мың теңге сұрайды", - деді Жаркешов.
Осы орайда вице-министр көмірдің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтінін еске салды. Ол жерде бағаны сұраныс пен ұсыныс анықтайды.
Айта кетері, бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттік энергетикалық көмірдің бағасына мемлекеттік реттеуді енгізу бастамасын көтерген болатын.