Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Келесі жылы доллар бағамы қандай болады – үкімет болжамы

Қаржы министрі Мәди Такиев үш жылдық бюджетке енгізілген доллар бағамын жариялады, деп хабарлайды

Келесі жылы доллар бағамы қандай болады – үкімет болжамы
Фото: istockphoto.com

Бүгін мәжілісте үш жылдық бюджет жобасы қаралды. Қаржы министрінің айтуынша, бюджетте доллар бағамының болжамды мөлшері де көрсетілген.

"Үш жылдық бюджетте доллар бағамы 540 теңге, ал мұнай бағасы бір баррелі үшін 60 доллар деп көрсетілген", - деді Такиев журналистерге берген сұхбатында. 

2026 жылға бюджетке 23,1 трлн теңге түседі деген болжам бар. Соның ішінде трансферттерді есептемегенде кірістер 19,2 трлн теңгені құрайды. Жаңа Салық кодексі де бюджет кірісін ұлғайтады.

"Бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығына алып келеді. Бюджет шығыстары 27,8 трлн теңгені құрады, яғни биылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайып отыр", - деп атап өтті Такиев мәжілістің бүгінгі отырысында.