Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 16 қазанда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауына әкелетін қолайсыз метеожағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің дерегінше, Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында атмосфералық ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа құрамындағы ластаушы бөлшектердің концентрациясы артып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандардың айтуынша, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық сияқты синоптикалық факторлар ауа сапасының қалыптасуында шешуші рөл атқарады.