Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда теледидар мен радио өшіріледі

Қазақстанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты теледидар мен радио 13 сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда теледидар мен радио өшіріледі
Фото: Pixabay

Эфир желілерінің жоспарлы-профилактикалық жұмыстары бейсенбі күні өткізіледі.

"2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада. 

Бұл шаралар сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сол кезде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады. 

Айта кетері, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі.