Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тұман мен шаңды дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар облыста күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тұман мен шаңды дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады
Фото: NUR.KZ

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде 2-7 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.