Алдағы күндері еліміздің біраз өңірінде ауа райына солтүстік антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің кейбір аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады.
Ел бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта — тұман, оңтүстікте — шаңды дауыл болжанады.
Республиканың басым бөлігінде түнгі ауа температурасының төмендеуі 5–13 градусқа дейін жетіп, аяз болады. Ал батыс пен оңтүстікте 5–13 градус жылы болады. Күндіз ауа температурасы 0–10 градусты көрсетеді. Батыста күн 7–17 градус, ал оңтүстікте 15–25 градус жылы болады.