Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қоғамдық орындарда 1,5 млн камера жұмыс істейді – ІІМ

Көшедегі қауіпсіздікті сақтау үшін Ішкі істер министрлігі күштерді көбейтіп, патруль тығыздығын арттырған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қоғамдық орындарда 1,5 млн камера жұмыс істейді – ІІМ
Фото: Артем Чурсинов

ІІМ Ержан Сәденовтің айтуынша, ендігі назар саябақтар мен аула қауіпсіздігі. Халық көп жиналатын орындарда дабыл түймелері мен стационарлық бекеттер орнатылған.

Бюджетке салмақ салмай, әртүрлі меншіктегі камераларды қосып жатырмыз. Қазір қоғамдық орындарда 1,5 млн камера жұмыс істейді. Оның 475 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Сауда орталығы мен базардан бастап, вокзал мен әуежайға дейін ірі нысандарды қамтып жатырмыз. Мектеп, кіреберіс, лифт және автобустар қосылуда, – дейді ол. Қылмыстардың 58%-ы орнатылған камералардың көмегімен ашылып, 523 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген.