Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын өндіріп келген

Павлодар облысында жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген.

Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын өндіріп келген
Фото: istockphoto.com

Баянауыл ауданында "IBM Gold" серіктестігі осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.

"Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды. 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды", - деді прокуратура. 

Мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды. Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты. 

"Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді", - делінген хабарламада. Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданбақ.