Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшы мерт болды

Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшының үстіне топырақ опырылып кетіп, екеуі де қаза болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшы мерт болды
Фото: istockphoto.com

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Редакция осы жағдайға байланысты Қарағанды полициясынан ақпарат сұратқан. Дереккөз екі адамның өлімін растады.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары өлімнің мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі редакцияға.