Доллардың 29 қыркүйектегі бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Paryz.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 548,79 теңге болып, 4,34 теңгеге өсті. Айта кетейік, Ұлттық банк белгілеген 29 қыркүйектегі ресми бағам – 544,26 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында: сатып алу – 546,16 теңге, сату – 548,24 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында: орташа сатып алу – 544,40 теңге, сату – 549,40 теңге.