Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасаған Paryz.kz хабарлайды.
Қор биржасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілген.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жалғыз акционерінің (KASE тикері – SKKZ) 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - делінген хабарламада.