Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Paryz.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Жобаның мақсаты – тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеу және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесі болмауын қамтамасыз ету.
Жобада соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету қарастырылған, бұл шара мұндай қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеп, қайталама дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге төмендегі жағдайлардың бірінде шектеу қойылады: