Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Құс еті қымбаттамайды – АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте құс етінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

Құс еті қымбаттамайды – АШМ
Фото: АШМ баспасөз қызметі

"Тауар-субститут" деген түсінік бар. Өнімнің бір түрінің бағасы өскен кезде тұтынушы басқа тауарды тұтынуға көшеді. Бірақ бүгінгі таңда тауық етіне қатысты жағдай тұрақты, - деп атап өтті министр.

Айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы соңғы аптада небәрі 0,1%-ға ғана өскен.

Дәл осындай өсім қыркүйек айының басынан бері де тіркеліп отыр. Қыркүйек үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан құс еті бойынша айтарлықтай құбылмалылық болмайды деп күтеміз. Тамыздан бері өсім небәрі 1%-ды құрады. Бағаның айтарлықтай қымбаттауы болжанбайды, – деді Сапаров.