Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Көлігіне өзі қалаған нөмірді таққысы келетіндерді жақсы жаңалық күтіп тұр

1 қаңтардан бастап автокөлікке мемлекеттік нөмір алу кезінде кез келген цифр мен әріпті таңдауға мүмкіндік беріледі, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Көлігіне өзі қалаған нөмірді таққысы келетіндерді жақсы жаңалық күтіп тұр
фото: Sputniknews

Мұндай жаңашылдық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінде қарастырылған. Салық кодексіне президент биыл 18 шілдеде қол қойды.

Мемлекеттік нөмірді таңдау үшін 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде баж төлеу керек. Ал "әдемі" нөмірге 15 АЕК (65 мың теңге) төлеуге тура келеді. Бірақ жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірлерге басқа баж қолданылады.

Мысалы, ең қымбаттары: барлығы бірдей әріптермен жазылған 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК – шамамен 1 230 000 теңге тұрады. Халық бұл қызметті жаңа салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін пайдалана алады.