Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды. Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып бекітілді.

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik/Ертай Сарбасов

Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кеткеннен кейін мамыр айының соңынан бері жұмыссыз жүрген еді. Бұған дейін әр жылдары Ұлттық банкті басқарды, вице-премьер, экономика министрі және денсаулық сақтау министрі лауазымдарын атқарды.

Айта кетейік, 2023 жылғы қыркүйекте жүргізілген реформа нәтижесінде Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтері жойылған еді. Кейін, 2025 жылдың қаңтарында Дархан Сатыбалды бірінші орынбасар болып тағайындалып, Алматы әкімі қызметіне кеткен соң, бұл лауазымға жаңа тағайындаулар жасалмаған болатын.