Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жүргізушілердің мас немесе сау екендігі жаңартылған ереже бойынша тексеріледі

Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жүргізушілердің мас немесе сау екендігі жаңартылған ереже бойынша тексеріледі
Фото: Pixabay

16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің масаңдығын тексерудің ережелері жаңартылды. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады.

"Бұл норма басқару құқығынан уақытша айыруды және масаң күйде болатын жүргізушілерді тексеруді көздейді. Сондықтан жаңартылған ережелер тек көлік құралын басқарушыларға қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр - түпкілікті өзгерістер жоқ. Басты жаңалық бекіту формасына қатысты: бұрын ережелер үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі. Бұл децентрализация және бюрократиядан құтылу саясатының аясында жасалды, осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен, мәселен алкотестермен масаңдық дәрежесін тексеруден бас тартуға немесе медициналық ұйымында тексеруді жалғастыруға құқылы екенін еске саламыз. Ал масаңдықтан тексеруден жалтару немесе бас тарту ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғауға негіз болады.