Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бір адамға екі билет»: стадион «Қайрат»-«Реал Мадрид» жанкүйерлерін ЖСН арқылы тексереді

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады, деп хабарлайды paryz.kz футбол клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

«Бір адамға екі билет»: стадион «Қайрат»-«Реал Мадрид» жанкүйерлерін ЖСН арқылы тексереді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Бүгін, 15 қыркүйек күні клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялайды.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады. Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі», - деп хабарлайды клуб.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп, әлемдік алып – мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шығады. Ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.