Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырғанын баса айтты.
"Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!" – деп жазды Президент Instagram парақшасында.
Ливерпульдағы бокстан әлем чемпионатында жүлделер саны бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Бокстан Қазақстан құрамасының қоржыныгда жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Екінші орында алты алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алған Өзбекстан құрамасы тұр. Үшінші орында екі алтын, бір күміс және бір қола медаль алған Үндістан құрамасы тұр.