Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтау прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді

Ақтау прокурорының ұсталуына қатысты іс бойынша шағым түсірілді.

Ақтау прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді
Фото: Маңғыстау облысы прокуратурасы

Алматының авиациялық көлік прокуроры Ақтау қаласының мамандандырылған сотының Ерболат Абдiровке қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша істі тоқтату туралы шешіміне шағым түсірген. 

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы бұл сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық шағымда келтірілген уәждерді Маңғыстау облыстық соты белгіленген тәртіппен қарайтынын мәлімдеді. 

— Қызметтік тергеу жүргізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 38-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес, Ерболат Абдiров қызметтік жауапкершілігіне қатысты мәселе толық шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді, — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.