Алматы облысы Іле және Қарасай аудандарына қарасты аумақта орналасқан саяжайда оқушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Сокол" саяжайының аумағында Hyundai Accent автокөлігі мен оқушылар мінген автобус соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. Тергеуді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы өз бақы