Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Ақордада Конго президентін салтанатты түрде қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекедиді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Ақордада Конго президентін салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорда

Алдымен екі ел президенттері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай залда сап түзеген құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди отырыс залына қарай бағытталды.

Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келді. 

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланбақ.