Жамбыл облысында қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 1,4 млн теңге несие алып берген. Алаяққа алданғанын түсінген ол сотқа жүгінеді.
Қыз маусым айында "TikTok" әлеуметтік желісінде жігітпен танысқан. Жігіт әңгіме барысында өмірлік қиындыққа тап болғанын айтып, қыздан қарыз сұраған. Танысқанына екі-ақ апта болған қыз ер адамға бірнеше банктен несие рәсімдеп, ақшасын аударып.
"Ол Түркияға операцияға баратынын, оралғаннан кейін қарызын қайтаратынын, операциядан кейін хабарласатынын айтып байланысқа шықпай қойған", - делінген хабарламада.
Қыз сотқа жауапкерден 1,4 млн теңге мөлшеріндегі қарыз сомасын қайтаруды және 1 млн теңге моральдық зиян өтеуін сұраған.
"Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді. Келісімге сәйкес жауапкер талап қоюшыға қарыз сомасын төлеуге міндеттеледі", - дейді ведомство.