Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Paryz.kz.

СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты фейсбук желісінде жазба жариялады.

«Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс. Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын», - деді министр.