Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Bank RBK-ның экс-басшысы Жомарт Ертаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Фото: Жомарт Ертаев/facebook (запрещена в РФ)

Ведомствоның мәліметінше, Ертаев жазасын өтеп, рақымшылыққа ілінген.

"Бұл сотталған адам сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген. Сот шешімінің негізінде оған рақымшылық жасау актісі қолданылды, осыған байланысты ол босатылды. Сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне жататынын қосымша хабарлаймыз", - дейді комитеттегілер.

Банкир бұдан былай да бақылауда болады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оны пробация қызметінің есебіне қойған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.