Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім» - Мәжіліс депутаты

Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи білдірді, деп жазады Paryz.kz.

«Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім» - Мәжіліс депутаты
фото: alash.kz

“Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім. Әрине, қымбатшылық туралы әңгіме қай жерде болсын бар. Бірақ мен Шығыс Қазақстанда, Семейде, Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Сондай қатты бір қиыншылыққа тап болған халықты көрген жоқпын. 1 қыркүйекке балаларына киім ала алмай отырған жекелеген отбасылар бар екен. Оларға аз да болса да көмек көрсету бойынша әрекет жасадық”, - деп жауап берді депутат журналистердің сауалына.