Жаңа оқу жылының басталуымен елдегі 8 мың мектепте 4 миллионнан астам мектеп партасына отырады. 360 мың бірінші сынып оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылы, деді Ғани Бейсембаев.
Білім министрі оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтап, оқудағы жетістіктерді атап өтті.
Оның айтуынша, өткен оқу жылында мектеп оқушылары халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетіп, мыңнан астам медаль жеңіп алды, оның 193-і алтын.
"Әрбір екінші қатысушы жүлдемен оралды. Бұл отандық білімнің бәсекеге қабілеттілігінің және әрине, біздің ұстаздарымыздың еңбегінің сенімді дәлелі", - деді ол.
Министр қазірдің өзінде елімізде 3 мың мектеп бір ауысымда білім беріп жатқанын, тағы 232 жаңа мектеп салынып, 245 ғимаратта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
"Биылғы оқу жылында жарты миллионнан астам мектеп оқушылары заманауи және жайлы жағдайда сабақ бастайды", - деді Бейсембаев.