Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды

Шымкент мұнай зауытында екі жұмысшы автомұнарадан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды
Фото: istockphoto.com

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" компаниясы ұсынған мәліметке сәйкес, жазатайым оқиға 26 тамызда түстен кейін болған.

Оқшаулау жұмыстары кезінде автомұнара аударылып кеткен. Соның салдарынан екі адам мерт болды.

"Бұл жұмыстарға "КРС Астана" ЖШС тартылған болатын. Қайтыс болған екі оқшаулаушы да сол компанияда жұмыс істеген. Қазіргі арнайы жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - дейді компания мамандары.