Мемлекет басшысы Молдова президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.