Үкімет алдағы он жылда ұлттық қордың қаржысы қаншаға өсетінін есептеп шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.
2026-2035 жылдарға арналған болжамға сәйкес, биыл қордың қаражаты 57,2 млрд долларға дейін өседі. Ал келесі жылы 60,8 млрд болады.
"Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2035 жылы 109,9 млрд долларға дейін өседі деп болжанып отыр", - деді вице-премьер Серік Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бюджет қағидасын ескере отырып, жыл сайын 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.
Айта кетері, ұлттық қордың қаржысы ұлғайған сайын "Ұлттық қор – балаларға" аясында берілетін қаражаттың көлемі де артады. Себебі жалпы қаржының инвестициялық кірісі өседі.