Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада автобус жол апатына ұшырады

Астанада автобус жол жиегіндегі жыраға түсіп кетіп, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада автобус жол апатына ұшырады
фото: Sputniknews

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Кабанбай батыр көшесінде болған жол апаты салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.

"Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Нәтижесінде бірқатар зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр", - деп жазылған хабарламада. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған.