Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Аташ ауылында бейіт жанына ойын алаңы салынған. Әлеуметтік желіде талқыға түскен алаң туралы Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Аташ ауылындағы бейіт пен тұрғын үйлер бір-біріне тым жақын орналасқан, дейді Түпқараған ауданының әкімдігіндегілер.
Ойын алаңы 2016 жылы салынған. Өз бетімізбен қабылданған шешім емес, ауыл тұрғындарының ұсынысымен осы жер таңдалды, дейді әкімдік өкілдері.
"Бұл жерде тұрғындар үйі мен бейіт бұрыннан бар. Бұл ауылдың іші, ауыл мен бейіт өте жақын орналасқан. Ал ойын алаңына тұрғындардың еш наразалығы жоқ", - дейді ведомстводағылар.
11 жылда бір де бір рет не тіріден, не өліден шағым түскен емес деген әкімдік ойын алаңының ешкімге кедергі келтірмейтінін айтады.