Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты айыпталушыға қандай жаза берілуі мүмкіндігі айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Прокурор Бауыржан Омарбеков мемлекеттік айыптау айыпталушыға қандай мерзімдегі жаза сұрайтынын мәлімдеді.
Тараптардың жарыссөзі барысында прокурор айыпталушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Прокурор бұл істе жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар бар деп отыр. Оның ішінде айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы – жеңілдететін жағдай ретінде, ал қылмыстың мас күйінде жасалуы – ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылады.