Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда қанша Абай бар

Биыл Қазақстанда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай, оның есімімен байланысты қызықты статистикалық деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда қанша Абай бар
Фото: Артем Чурсинов

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719) тұрады.

Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны – 3 228 адам.

Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген. Бұл есім қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам.

Ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген екен.