Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев теміржол ардагеріне "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол ардагері Қалтай Сәмбетовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын тапсырды, деп хабарлайды Aқорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев теміржол ардагеріне "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын тапсырды
фото: Sputniknews

"Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қалтай Сәмбетұлы 60 жыл ғұмырын теміржолға арнады. Ташкент темір жол көлігі институтын бітірген. Еңбек жолын Аягөз белгі беру және байланыс дистансциясында монтер болып бастады.

"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарушы директоры секілді лауазымды қызметтерді атқарды.