Астана полицейлері жарты миллион теңгені ұрлап кеткен ұрыны ұстады, деп хабарлайды paryz.kz.
Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері кеңсеге терезе арқылы кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылған күдіктінің жеке басын анықтады.
Полицияға қаладағы бір ЖШС өкілі арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу екінші қабаттағы терезені бұзған.
Содан кейін кеңсеге кіріп, ішіндегі сейфті ақшасымен бірге ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы азамат ұсталды. Ол тергеу барысында ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - дейді Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.