Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Үкімет валютаның құбылуына қатысты мәлімдеме жасады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр доллар бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Үкімет валютаның құбылуына қатысты мәлімдеме жасады
фото: Sputniknews

Скляр алдымен доллар бағамының көтерілуін премьер-министрдің сөзімен байланыстырған дұрыс емес екенін жеткізді. Себебі Бектенов бұған дейінгі брифингте әлеуметтік-экономикалық болжам жайында және бір доллардың бағамы 540 теңге деп көрсетілгенін айтқан. Осылайша, валюта бағамы құбылып тұрса, орташа жылдық бағам болжамдағы көрсеткіштен аспауы керек.

"Ал қазіргі жағдайға келер болсақ, Үлттық банк - бұл бөлек құрылым, үкіметке бағынбайды. Олар ақша-кредиттік саясатты өздері жүргізеді. Меніңше, доллар бағамы кері қайтады. Оны әріптестерім де айтып отыр. Доллар тым жоғарылап кетпейді. Біз оны талай рет көрдік, тұрақты бір деңгейге түседі. Ол үшін ұлттық банк қажетті шаралардың бәрін жасайды деп ойлаймын. Әрине, нарық өзі реттеп алад", - деді Скляр үкіметте өткен бүгінгі брифингте.