Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының 4 тұрғыны атысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.