Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 16.11.2025 13:34 Обновлять, 16.11.2025 15:57

Мемлекет басшысы Ердоғанға ризашылық хатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ердоғанға ризашылық хатын жолдады
Фото: Ақорда

Қазақстан  Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.