Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бишімбаевтың інісі мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Степногор қалалық сотында Бақытжан Байжановтың амнистияға байланысты жазаны қысқарту туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды paryz.kz.

Бишімбаевтың інісі мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды
фото: жоғарғы сот

Бақытжан Байжанов процестің БАҚ-тың қатысуынсыз өтуін қалаған. Бірақ судья Ақышев бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесінде аяқталуы тиіс еді. Сот Байжановқа қатысты жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымды қанағаттандыруды ұйғарды.

ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистия туралы заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы үштен біріне – 8 ай 8 күнге қысқартылсын. Қалған өтеуге тиісті мерзім – 1 жыл 4 ай 17 күн, – деді судья Ақышев.

Бұл шешімге колония өкілдерінің берген жағымды мінездемесі мен азаматтық талаптардың толық өтелуі әсер еткен.

Оған жазасын өтеу барысында жағымды мінездеме берілген. Сот үкімі бойынша азаматтық талаптар толық өтелген.

Ұстау жағдайларында бірінші деңгейлі жағымды тәртібі бар, екі рет марапатталған. Прокурор да бұл өтінішті қолдап, қанағаттандыруды сұрады.