Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

Өнеркәсіп және құрылыс бағытындағы жаңа мамандықтар атласында 75 мамандық қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды
фото: baq.kz

Оның айтуынша, министрлік қадағалайтын салалар бойынша кадрларға қажеттілік шамамен - 40 мың адам. Қазіргі таңда атласқа енгізілген 75 жаңа мамандық осы сұранысты қамтуға бағытталған.

Мысалы, металлургия және кен өндіру секторында – роботтандырылған кен техникасының операторы, өндіруші және металлургиялық өнеркәсіптің смарт-жүйелерін әзірлеуші; машина жасау саласында – виртуалды прототиптеу бойынша маман; құрылыс саласында – цифрлық жобалаушы, Big Data аналитигі, "Ақылды үй" жобалаушысы бар. Сонымен қатар, 40-тан астам мамандық бизнес-процестерді автоматтандыру барысында трансформациядан өтті, – деді Иран Шархан. 

Биыл өңдеу өнеркәсібі саласындағы 190 инвестициялық жоба аясында машина жасау саласында тағы 8 жаңа мамандық пайда болады.

Олардың қатарында – 3D-басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқа да мамандықтар бар. Осылайша қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жұмысшы мамандықтарының бейнесі өзгеріп, қол еңбегі біртіндеп автоматтандырылған жүйелермен алмастырылып жатыр.